Ауғанстанда Талибан күштері Саид-Абад ауданына шабуыл жасап, жергілікті полиция басшысы мен 6 полиция қызметкерін өлтірген. Бұл туралы сол елдің телеарналары хабарлады.
Саид-Абад ауданы орналасқан Майдан Вардек провинциясының әкімшілігі таратқан ресми мәлімдемеге қарағанда, Талибан қарулы күштері аудан орталығына төрт бағыттан шабуыл жасап басып кірген. Террорлық топ пен полиция арасындағы атыста 7 адам қаза болып, 4 полиция жараланған.
Шабуылдан кейін Талибан ұйымы мәлімдеме жасап, Саид-Абад ауданын өз бақылауына алғанын хабарлады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы