Қытайда қамауда отырған Интерпол басшысы отставкаға кетті.
Қазан айының 7-і күні Интерполдың ресми сайтында ұйым президенті Мэн Хунвэйге қатысты ақпарат жарияkанды. Онда: «Бүгін 7 қазан күні Итерполдың Лион қаласындағы бас хатшылығы Мэн Хунвэй мырзаның отставкаға кету жөніндегі өтінішін алды. Ведомства жарғысы бойынша, президент қызметін уақытша Оңтүстік Корея елінің өкілі Ким Чон Ян атқарады. Қараша айының 18-21 күндері аралығында Дубай қаласында өтетін Интерпол Бас Ассамблеясының 87 отырысында жаңа президент тағайындалады» - делінген.
Естеріңізге салайық, қазан айының 5-і күні БАҚ беттерінде Қытайға іссапармен кеткен Интерпол басшысы Мэн Хунвэйдің жоғалып кеткендігі жөнінде ақпарат тараған. Кейіннен Франция және Қытай басылымдары Хунвэйді Қытай арнайы қызмет өкілдері тергеуге алып, қамауға алғандығы жөнінде жазған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?