Кабулға жақын орналасқан Перван қаласының маңында Ауғанстанның арнайы жасақтары отырған тікұшақ апатқа ұшырады. Жергілікті әкімшіліктің берген мәліметіне қарағанда, арнайы жасақтар отырған тікұшақ Кох Сафи ауданына қарасты Мандикул жерінде құлаған. Бұл туралы Ауғанстанның телеарналары хабар таратты.
Мәліметтерге қарағанда тікұшақта 8 арнайы жасақ және бір полиция қызметкері болған. Қазірге дейін қаза болғандар туралы анық мәлімет берілмеді.
Ресмилер ұшақ апатының техникалық ақаудан болғанын мәлімдеді. Дегенмен, Талибан ұйымы ұқсас уақытта мәлімдеме таратып, аталған тікұшақ ұйымға қарасты қарулы топтар жағынан құлатылғанын айтты. Әрі, арнайы жасақтардың көзін құрттық десті.
Айта кетейік, бұл соңғы екі апта ішінде Ауғанстан армиясы жағынан апатқа ұшыраған екінші тікұшақ.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел