Иран президенті Хасан Рухани АҚШ-тың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы мен өзге елдерге енгізген санкцияларын «экономикалық терроризм» формаларының бірі болып табылатынын айтты. Бұл туралы «lemonde.fr» Руханидің БҰҰ Бас Ассамблеясының жиынындағы сөзіне сілтеме жасап хабарлайды.
Рухани Америка президенті Дональд Трампты АҚШ-тың жауапкершілігіне алынған міндеттемелерді бұзушы әрі өзге елдерді де 2015 жылы Теһранмен және әлемдік державалармен жасалған ядролық келісімшарттан шығуға итеруші «бұзақы» деп атаған. Ол сонымен қатар, әлемдік кейбір билеушілер экстремизмді, расизмді, квенофобиялық тенденцияларды қолдау арқылы өздеріне дауыс жинауда деді. Әрі, «мұндай билеушілер әлемдік заңдарды белден басып, халықаралық институттарды бұзуда», - деп айтқан. Бұдан бұрын, Иран Ислам Республикасының басшысы АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесудің мүмкін емес екенін мәлімдеген еді. Осыған жауап ретінде Дональд Трамп та оның өтінішіне қарамастан, Иран президентімен кездесетін ойы жоқ екенін айтқанын хабарлаған едік.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді