Ақ үй басшылығы Ресейдің Сүрияға әуе шабуылына қарсы С-300 зеениттік зымыранын орнатуға қатысты пікір білдірді.
Президент Дональд Трамптың Қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джон Болтон Нью-Йорктегі баспасөз мәслихатында «Мәскеудің кезекті «қисынсыз әрекеті» аймақтағы ахуалды нашарлататынын» айтты. Сонымен қатар, ол Ресей осы уақытқа дейінгі жағдайларлы назарға алып, шешімін өзгертеді деген сенімде.
Еске сала кетейік, осы аптада Ресей С-300 сүриялық әуе шабуылына қарсы қорғаныс мүмкіндіктерін күшейту мақсатында зымырандық кешен орнататынын мәлімдеді. Бұдан басқа Сүрия армиясының командалық пункттері Ресейдің қарулы күштеріне ғана жеткізілетін автоматтандырылған басқару жүйелерімен жарақтандырылады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы