Ресей Сүрияға С-300 кешендерін жеткізуді бастады. Бұл туралы Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдейді.
«Сүриялық қарулы күштерге екі апта ішінде С-300 заманауи зениттік зымыран кешені беріледі. Ол 250 шақырымнан астам қашықтықтағы әуе шабуылының құралдарын ұстап, бір уақытта бірнеше әуе ұщақтарын зақымдай алады», – деді Шойгу.
Министрдің айтуынша, С-300 сүриялық әуе шабуылына қарсы қорғаныс мүмкіндіктерін күшейтуі тиіс. Бұдан басқа Сүрия армиясының командалық пункттері Ресейдің қарулы күштеріне ғана жеткізілетін автоматтандырылған басқару жүйелерімен жарақтандырылады. Естеріңізге сала кетейік, 17 қыркүйекте Мәскеу уақыты бойынша шамамен 23:00-де ресейлік Ил-20 барлау ұшағы бортта 15 әскери қызметкерлермен Жерорта теңізіне жеткен кезде жоғалып кеткен. Ұшақ Жерорта теңізі акваториясының үстінде, жағалаудан шамамен 35 шақырым жердегі Хмеймим авиабазасына қонуға бет алған. Кейіннен ұшақтың апатқа ұшырағаны белгілі болды. Ресей билігі бұл іске Израиль жауапты деген шешім шығарды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті