АҚШ Қытайдан шығарылатын тауарларға салынатын он пайыздық салықты күшіне енгізді. Ол 200 млрд доллар құрайды. Ал, Қытай да өз кезегінде Америкаға қарсы жалпы көлемі 60 млрд. долларлық салық салды, - деп хабарлайды fr.euronews.com.
Сонымен, АҚШ-тың Қытайға қарсы сауда соғысының жаңа кезеңі басталды. «Еadaily.com» сайты қытайлық ақпарат көздеріне сілтеме жасап, ҚХР-да кедендік салықтардың енгізілу мәселесіне қатысты биліктің ұстанымы жарияланғанын хабарлайды. Онда, Ақ үй тарапынан Қытайға жасалған осы жаңа сауда соғысы еркін сауда жүйесіне қауіп төндіруші фактор деп аталып, америкалықтармен өткізіледі деп күтілген келіссөздердің бәрі жоққа шығарылғаны айтылған. Осы салықтың кесірінен Қытайдың ЖІӨ бір пайызға төмендейді деп есептейді сарапшылар. Ал, Қытай билігі оны — 0,7 пайыз деп болжауда. Алайда, тағы да сарапшылардың пікіріне сүйенсек, бұл салықтар Бейжің үшін оңайға соқпайды. Себебі, АҚШ тарапынан енгізілген салықтар қытайлық экспорттың жартысына жуығын қамтиды: яғни, электроника тауарларынан бастаптұрмыстық химияларға дейін, сондай-ақ, жиһаздан бастап балыққа дейін салынған. Сонымен қатар, көпшілікке белгілі екі держава да осыған дейін 50 млрд доллар көлеміндегі тауарларға екіжақты салық енгізген болатын. Сол кезде АҚШ Қытайға салықтардың 267 млрд долларлық тауарларға да таралуы мүмкін екенін ескерткен еді.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды