Ұлыбритания армиясы қауқарсыз күйде – деп хабарлайды "Daily Mail" басылымы.
Басылым мәліметінше, жыл басында Ұлыбритания сүңгуір қайықтарының премьер-министр Тереза Мэйдің бұйырығы бойынша Сүрияға соққы жасау үшін Жерорта теңізіне аттанғаны жалған. Себебі қазіргі таңда Ұлыбритания қарулы күштерінің әскери дайындығы қауқарсыз күйде. Қорғаныс саласына бөлінетін қаржының жыл сайын қысқаруы салдарынан қазіргі уақытта Ұлыбритания армиясы өзге елдің аумағында әскери операция өткізгенді былай қойғанда, өз аумағында қандай да бір ауқымды әскери оқу-жаттығу жұмыстарын өткізуге қауқарсыз. 2010 жылғы дейін Ұлыбритания армиясының саны шамамен 160 мың адамды құраған. Бірақ үкіметті Дэвид Кэмерон басқарған тұста жүргізілген реформалардың салдарынан әскер саны екі есеге қысқартылған.
Естеріңізге салайық, қаңтар айының 22-і күні Ұлыбритания армиясының бас штаб басшысы Ник Картер: «Қазіргі уақытта Ұлырбитания армиясы Ресей қарулы күштерінен әлде қайда әлсіз. Соңғы жылдары Ресей өзінің әскери қуатын бірнеше есеге арттырды» - деп мәлімдеген.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап