Жапонияның үкімет басшысы Синдзо Абэ либералдық-демократиялық партияның төрағасы қызметіне тағайындалды. Аталған партияға үшінші рет басшылық ететін Абэ премьер-министр қызметін 2021 жылға дейін атқарады.
Бұған дейін либералдық-демократиялық партияның соңғы сайлауы 2012 жылы өткен. Биылғы сайлауда партия мүшелеренің көп бөлігі Абэге дауыс берді. «Асахи Симбун» басылымының хабарлауынша, Жапонияның саяси жүйесі бойынша парламенттік сайлауда басым дауыс жинаған партия төрағасы үш жылға премьер-министр қызметін атқарады. Партиялар арасында өткен сайлауға осыған дейін Қорғаныс, Ауыл шаруашылығын дамыту министрі болған Сигэру Исиба да түскен. Бірақ партия мүшелерінің басым бөлігі Абэге қолдау білдірді.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті