Жогорку Кеңештің экс-депутаты, «Республика Ата-Жұрт» партиясының көшбасшысы Өмірбек Бабановқа қарсы қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл жөнінде Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы (ҰҚМК) Ыдырыс Кадыркулов парламентте мәлімдеді.
Үгіт-насихат кезінде Бабановтың Ошта «Әмір-Темір» (Он-Адыр) шағын ауданында сөйлеген сөздері ұлтараздықты тудырады деп қылмыстық іс қозғалған. ҰҚМК басшысы халықаралық және жергілікті сарапшылар Бабановтың сөйлеген сөздерінде ұлтараздықты туғызатын әрекеттер жоқ деп таныды дейді.
Ыдырыс Кадыркулов барлық материалдардың тергеу ісіне берілгенін айтады. «Олар мұны қылмыстық іс аясында қарады. Іс тоқтатылды», - деді ол.
Бабановқа қатысты былтыр 4 қарашада Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 297-бабының, 1-тармағы («Конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге жария түрде шақыру») және 299- бабының 1-тармағы («Ұлттық, нәсілдік және діни араздық туғызу») бойынша іс қозғалған.
2017 жылы президент сайлауынан кейін Өмірбек Бабанов Қырғызстаннан кетіп, саяси мансабын аяқтайтынын мәлімдеген.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?