Бейсенбі, 13 қыркүйекте АҚШ КХДР-на қарсы жаңа санкциялар енгізді. Солтүстіккореялық режиммен ынтымақтасқан қытайлық және ресейлік фирмалар да осы санкцияға ілінген.
«20minutes.fr» агенттігі АҚШ Қаржы министрлігіне сілтеме жасап, санкциялардың Солтүстік Кореяның ядролық және зымыран бағдарламаларына қолдау көрсеткен қытайлық «Yanbian Silverstar Network Technology» мен ресейлік «Volasys Silver Star» компанияларына салынғанын хабарлайды.
Айта кету керек, 2018 жылдың 27 сәуірінде Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мен КХДР басшысы Ким Чен Ын арасында тарихи саммит өткен еді. Келіссөздер нәтижесінде тараптар бейбіт келісімшарт жасасу ниеттері бар екенін мәлімдеп, Корей жартыаралын қарусыздандыру жоспарлары туралы келіскен. Сонымен қатар, Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) мәліметі бойынша, Солтүстік Корея осы қарусыздандыруға қатысты келісмішартты орындамайтынын хабарлаған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті