Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Сүрия мен Ирактағы әскери қақтығыстар аймағындағы қазақстандық азаматтарды отандарына қайтаруды қолға алды деп хабарлайды, - СІМ басшысының орынбасары Мұхтар Тілеуберді.
Оның сөзінше республиканың сыртқы саясат ведомоствасы Қазақстан азаматтарының Сүрия мен Ирактағы орналасқан орындарын анықтау үстінде. Іздеу мәселелерімен Иорданиядаы елшілік пен Ливандағы бас елшілік те айналдысуда. М.Тілеуберді Сүрия мен Ирак үкіметтерінің ел азаматтарының террорлық ұйымдарға қатыстылықтарына тексеру жүргізіп жатқандарын да айтқан. СІМ-ге сол азаматтардың туыстары да өз туыстарының қандай да бір террорлық ұйымдарға қатысы бар екенін мойындап, оларды ата-аналық құқықтарынан айыруды өтініп, көмек сұрап хабарласқан.
«Sputnik» сайтының да хабарлауынша, бұған дейін "Хабар 24" телеарнасына жеті қазақстандық әйелдің сегіз айдан бері Сүрияда екенін айтып, оларды елге қайтаруға көмек сұрап хабарласқан. Әйелдің айтуынша, ол әйелдер Сүрияға Орал, Ақтөбек, Алматы және Жезқазған қалаларынан кеткен.
Бұған дейін де, үстіміздегі жылдың 6 наурызында Қазақстанның терроризмге қарсы орталығының басшысы Жанат Сайполдаев Сүрия мен Ирактан 125 қазақстандық азаматтың, оның ішінде 45 баланың оралғанын мәлімдеген еді. Ведомостваның хабарлауынша, қазіргі таңда азаматтардың барлығы қатаң бақылауда.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті