Ресейде қарсылық акциясына шыққан мыңнан астам адам қамауға алынды.
«ОВД-Инфо» порталының мәліметінше, қыркүйек айының 9-ы күні зейнет жасының ұлғайуына байланысты Ресей бойынша өткен қарсылық акциясында мыңнан астам адам қамауға алынған. Адам құқығын қорғау халықаралық ұйымдарының есебі бойынша, қарсылық акциясы кезінде Санкт-Петербургте 452 адам, Екатеринбургте 183 адам, Краснодарда 60 адам, Омбы мен Мәскеуде 42 адам, Пермьде 23 адам, Қазанда 22 адам, Тверьде 20 адам, Уфада 17 адам, Хабаровскіде 15 адам, Челябинскіде 12 адам және Новосибирскіде 10 адам қамауға алынған.
«Ашық Ресей» телеграмм арнасының хабарлауынша, қазіргі таңда Мәскеу қаласының тергеу комитеті заңсыз қарсылық акциясына қатысқан екі адамның үстінен қылмыстық іс қозғаған. 24 жастағы Виктор Федосеев пен 36 жастағы Василий Костылевқа «полиция қызметкерлеріне шабуыл жасады» деген айып тағылған. Бұдан бөлек Санк-Петербург қаласының сотына қарсылық акциясына қатысқан 60 адамға қатысты іс келіп түскен.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?