Британия қауіпсіздік министрі Бен Уаллес Скрипальдің химиялық қарумен улануына тікелей Путиннің қатысы бар деп мәлімдеді.

BBC тілшілеріне берген сұхбатында ол: «Владимир Путин Ресейді басқарып отырғаннан кейін сол елдің әлемге қатысты кез келген жағдайларына жауап беруі тиіс. Демек, ресейлік экс-агент Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальдің Солсбериде улануына қатысы бар адамның бірі сол» – деген.

Кеше британиялық тәртіп сақшылары Скрипальдерді улады деген күдікпен екі орыс азаматын ұстады. «Reuters» агенттігі ұсталған қос күдікті Александр Петров пен Руслан Боширов Ресей азаматы және болған оқиғаға қатысты екеуінің кінәсін дәлелдейтін айғақтар көп деген.

Біріккен Корольдік прокуратурасы ресейлік азаматтарды экстрадацияламайды, бірақ істің ақ-қарасын ажыратып, тиісті қатаң жаза қолданатынын айтқан. Осы уақытқа дейін АҚШ пен Ұлыбритания бұл іске Ресейді айыптаған болатын. Алайда, Мәскеу өзіне тағылған айыптың орынсыз екенін айтып, мойындамай келген. Енді Бен Уаллестің сұхбатынан соң, Путиннің сөзіне күмәнмен қараушылар саны тіптен арта түспек.

"The Qazaq Times"