Владимир Путиннің көмекшісі Юрий Ушаков: «Ресейдің Арменияға көптеген сұрағы бар» – деп мәлімдеді.
Юрий Ушаков Ресей президенті Владимир Путин мен Армения премьер-министрі Никол Пашинянның кездесуіне қатысты пікір білдірді. Ушаковтың сөзінше, қазіргі уақытта Ресейде Арманияға қатысты қордаланған сұрақтар өте көп. Осыған байланысты Путин мен Пашинянның кездесуі ашық және әділ өтуі тиіс.
Владимир Путин мен Никол Пашинянның кездесуі қыркүйек айының 8-і күні Мәскеу қаласында өтеді. Алдын ала болдам бойынша, кездесудегі негізгі күн тәртібіндегі мәселе Ресей мен Армения қарым-қатынасы болмақ.
Ресей мен Армения қарым-қатынасы билік басына Никол Пашинян келгелі бері біршама суыған. Бұған Пашинянның билікке халықтық толқулардың нәтижесінде келуі себеп болған. Естеріңізде болса, сәуір айында Ереван қаласында басталған халықтық толқулардың арты премьер-министр Серж Саргсянның отставкаға кетуімен аяқталған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?