"Польша, Румынияғ Венгрия және Италия биліктері Еуропа Одағын әлсіретуді, одан әрі оны мүлде таратуды өздеріне мақсат етіп қойған", - деп мәлімдеді ЕО-ның Бюджет мәселелері жөніндегі еурокомиссары Гюнтер Эттингер. Бұл туралы liberation.fr хабарлайды.
Осылайша, ЕО-ны таратуды көздеуші күштер оның құрамында болғаны секілді, оған мүше емес елдер арасында да болғандықтан, «еуропалық жобаға өте үлкен қауіп төніп тұр» деп санайды комиссар. «Экономикалық соғыстар» арқылы осы ойларын жүзеге асыруға тырысушы сыртқы қарсыластар ретінде Эттингер Ресей президенті Владимир Путинді, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды, сонымен қатар, «қу қытайларды» атаған. Енді, еурокомиссар Одақтың бірлігі мен оның қандай істерге болса да қабілеттілігін көрсету үшін ЕО елдерін, содай-ақ Еуропарламенті ЕО-ның жаңа бюджетін тезірек қабылдауға шақыруда.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті