Моңғолия Ресейден 1,5 миллиард доллар көлемінде несие беруді сұрады – деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, 4 қыркүйек күні өткен Моңғолия және Ресей үкімет аралық комиссия өкілдерінің кездесуінде Моңғолия вице-премьері Ұлан-Батыр қаласындағы ЖЭО-3 және ЖЭО-4 жылыту қазандықтарын жаңарту мен өзге де бірлескен энергетикалық жобаларды жүзеге асыру үшін Ресей тарапынан 1,5 миллиард доллар көлемінде жеңілдетілген несие беруді сұраған.
Бұдан бөлек кездесу барысында қос тарап Ресей-Моңғолия-Қытай бағытындағы 30-ға жуық бірлескен жобаны талқылаған. Олардың арасында туризм, мәдениет және қоршаған ортаны қорғау сияқты жобалар бар.
2017 жылғы статистикалық мәлімет бойынша, Моңғолия мен Ресей арасындағы тауар айналымы 1,3 миллиард долларға жеткен.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды