Сүриядағы Адам құқықтары ұйымы мәлімдеме таратып, Ресей ұшақтарының Идлиб аймағын бомбалай бастағанын хабарлады. Бұл Ресей әуе күштерінің 22 күндік үзілістен кейін бастаған әуе операциялары болып табылады. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Хабарға қарағанда, Ресей Идлиб аймағына шабуыл жасауға дайындалған Башар Асад режиміне қолдау көрсетуге дайын. Идлиб Сүрия оппозициялық топтарының соңғы тұрағы. Идлиб қаласы мен оған жақын маңда 4 миллионға жуық адам өмір сүреді.
Еуропа мен Түркия Идлибте соғыс басталатын болса, ондағы тұрғындардың ауқымды миграцияны қалыптастыратынын, босқындардың Еуропа мен Түркия үшін үлкен проблемаға айлануы мүмкін деп алаңдайды.
БҰҰ мәліметіне қарағанда, Идлиб аймағында соғыс басталса 700 мың адамға жуық босқындардың қоныс аударуы болмақ.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел