Ирактың Басра қаласындағы ирактық қауіпсіздік күштерімен арада жалғасқан қақтығыс салдарынан жеті адам қаза тауып, 30-дан астам адам жарақаттанған. Бұл туралы жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасап haberler.com хабарлайды.
Қазіргі таңда, қала тұрғындарына үйлерінен шығуға тыйым салынған. Митингке шығушылар жергілікті әкімшілік ғимаратын өртке ораған. Ақпарат көздерінің мәліметінше, бұл жолғы тәртіпсіздіктер коммуналдық қызметтердің нашарлауына байланысты басталған.
Бұдан бұрын Ирактың оңтүстігінде жұмыссыздық, жемқорлық, электрэнергиясы, сумен қамтамасыз ету саласындағы үзіліс, әлеуметтік жағдайлардың нашарлауы сияқты келеңсіздіктерге байланысты қарсылық акциялары басталғанын жазған едік. Басрада басталған митингтер елдің Зикар, Бабиль, Майсан, Әд-Дивани, Наржаф сынды қалаларына да таралған.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы