АҚШ-тың Ресейге салған санкцияларының кесірі Қазақстанға да әсер етіп жатыр. Салдарынан алдағы жылдары бізде инфляция көлемі артуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
Д.Ақышев өз сөзінде 2019-2020 жылдары инфляция көлемі жоғары болуы мүмкін екендігін айтты. Тамыз айында төл ақша 0,2%-ға құнсызданған және бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда, әлдеқайда жоғары. Сол себепті Үкімет жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Ресейге тәуелді нарықтарды анықтауы қажет. Үнемі мониторинг жүргізіп, тиісті түсіндірме жұмыстарын реттеу керек.
Демек, сөзден іске дер кезінде көшпесе, инфляцияның артуы баға мен тарифтердің көтерілуіне тікелей ықпал етеді.
АҚШ Қазақстанға санкция салған жоқ, яғги «тілеп алған аурудың емі жоқ» деп қол қусырып отыруға болмайды. Байланыстың аражігін ажыратып алмайынша, теңгенің әлсіреуі, мұнай бағасының төмендеуі және әлеуметтік шығындардың артуы да жағдайды қиындата түспек.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті