Қытай Африка елдеріне 60 миллиард доллар инвестиция құюға дайын – деп хабарлайды «Неміс толқыны» ақпарат агенттігі.
Қытай басшысы Ши Жиңпиң Бейжің қаласында өткен Қытай және Африка елдері форумында: «Қытай Африка елдеріне 60 миллиард доллар қаржы салуға дайын. Оның 10 миллиарды Африка елдеріне алдағы үш жылда беріледі. Қытай Африка елдеріне инвестиция салғаны үшін қандай да бір саяси талап қоймайды. Бұның артында ешқандай саяси ойын тұрған жоқ» - деп мәлімдеген.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ресми Бейжің 60 миллиард доллардан бөлек, 1 миллиард юань (шамамен 146 миллион доллар) қаржыны Африка елдерінің ауыл шаруашылық саласына бөлмек және аталмыш қаржыны игеру үшін 500 Қытай маманы жіберіледі. Жалпы, БАҚ беттерінде бұған дейін Қытай билігінің «Бір белдеу – Бір жол» жобасы аясында 8 триллион доллар қаржыны әлемнің 68 еліне құйғандығы жөнінде ақпарат тараған.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды