Елімізде жыл басынан бері 124 бала суицидке барған. Бұл туралы кеше, 3 қыркүйек күні үкіметтегі баспасөз жиынында Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева хабарлады.
Оның сөзінше, жыныстық күш көрсету ісі бойынша да 78 қылмыс тіркелген. Бұдан бөлек балаларға қатысты, соның ішінде кәмелетке толмаған балалардың да қатысуымен жасалған өзге де қылмыстар көп тіркелген. С.Айтпаева жиында Абай ауылында жоғары сынып оқушылары тарапынан зорланған балаға қатысты қылмысты да сөз етіп, оның сабаққа барғанын айтты. Дегенмен, балаға қатысты одан өзге ашық ақпарат бермеді. «Біздегі білім беру процесі Конституция бойынша міндеттелген. Қандай жағдай болса да, олар орта білім алуға міндетті», - деген ол. Өз езегінде Ішкі істер министрлігі де осы 8 ай ішінде балаларға қатысты 1,3 мыңнан астам қылмыс жасалғанын хабарлады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы