Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзінің Қырғызстан сапарына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Анадолу агенттігі.
«Бизнес-форум барысында (Бішкекте өткен Түркия-Қырғызстан бизнес-форумы — ред.) біз инвестицияны ынталандыруға бағытталған барлық жағдайды құруға дайын екенімізді білдірдік. Біздің мәдени байланысымызды нығайту шаралары аясында біз Бішкекте Серахси мешітін аштық. ІІІ Бүкіләлемдік көшпенділер ойынының ашылу салтанатына қатыстық. Бұл Қырғызстанның әлемдік мәдени мұраға қосқан үлесі болып есептеледі. Алла қаласа 2020 жылы осы ойынның өткізілуін біз қолға аламыз», - деп жазған түрік лидері. Ердоған осы іссапарының екіжақты қарым-қатынастың дамуына жағымды әсер ететінін де қосып айтты. ол екі елдің де саясат, сауда және мәдениет салаларын дамытуға толық дайын екенін хабарлады.
Айта кету керек, Қырғызстанда ІІІ Бүкіләлемдік көшпенділер ойыны болып, оған Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Татарстан президенті Рустам Минниханов, Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан жән басқа да елдердің жоғары лауазымдылары қатысқан еді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді