Бразилия президенті Мишел Тимер Бразилияның, соның ішінде Венециямен шекаралас орналасқан солтүстік штаты Рорайманың шекара қауіпсіздігін қолға алуға бұйрық берді. Бұл туралы lemonde.fr хабарлайды.
Еске салайық, жақында Перу билігі Эквадормен шекаралас аймақтарда 60 күндік төтенше режим жариялаған еді. Бұл шешімін венесуэлалық босқындардың ағылуы салдарынан тұрғындар денсаулығына қауіп төнуімен байланыстырған. «Бүгін Рорайма штатындағы тәртіпті орнату үшін қарулы күштерді пайдалануға рұқсат бердім. Бұл венесуэлалық босқындар мен бразилиялық азаматтардың қауіпсіздіктері үшін керек», - деген М.Тимер телеүндеуде.
Негізі, Венесуэла Американың санкциялары мен мұнай бағасының төмендеуінің салдарынан мемлекеттік кірістердің азаюы мен инфляция өсімімен, тауар тапшылығымен, экономикалық және саяси дағдарыстармен күресуде. Осының салдарынан көптеген венесуэлалықтар өзге елдерден бассауға іздеуде. Осы жылдың мамыр айында Босқындар мәселесі жөніндегі Халықаралық ұйым Венесуэланы жайлаған дағдарыстың салдарынан босқындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 10 есе артқанын хаьарлаған еді. Дәл осындай жағдай қазіргі уақытта Латын Америкасына да таныс. АҚШ-тың экономикалық қысымынан ондағы халық өз үйлерін тастап, босқындарға айналуда.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті