ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев орта мектепте хиджаб киюге қатысты министрліктің ұстанымы туралы және Қазақстанда қыздар мен ұлдар бөлек оқитын рухани мектептер құру туралы бірқатар мәселелерге  тоқталды.

"Хиджабқа қатысты - мектептерде оны киюге тыйым салынады. Біздің ұстанымымыз өзгерген жоқ", - деді ол.

Ұл мен қыз оқушыларды бөлек оқытуға қатысты сөзінде министр Ерлан Сағдиев "жеке білім мен діни білімді шатастырмауды сұрады".

«Қандай оқыту жүйесі болмасын, мектеп бағдарламасы бәріне ортақ. Сондықтан кез-келген мектептердегі кез-келген білім беру біз қабылдаған бағдарламаларға сәйкес мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде жүргізіледі. Бұл бәріне де қатысты. Оған деген көзқарасымыз өзгерген жоқ. Қоғам бұған түсіністікпен қарайды деп үміттенеміз», - деді ҚР Білім және ғылым министрі.

“The Qazaq Times”