Қытай Ауғанстан аумағындағы алғашқы әскери базасының құрылысын бастады.
SouthChina Morning Post басылымының мәліметінше, ресми Бейжің Кабулмен терроризмге қарсы бірлесіп күресу келісімі аясында Ауғанстанның Бадахшан провинциясындағы алғашқы әскери базасының құрылысын бастаған. Әскери база Тәжікстан, Пәкістан және Қытаймен шектесетін Вахан өту дәлізінде орналасатын болады. Алдын ала болжам бойынша,ресми Бейжің әскери база құрылысы аяқталысымен Ауғанстанға 500 сарбаздан құралған бір батальион әскерін Ауғанстан аттандырады. Олар негізгі міндеттері жергілікті сарбаздарды соғыс тәсілдеріне үйрету.

Қытайдың Ауғанстындағы әскери базасының орналасқан жері.
Естеріңізге салайық, былтыр Қытай Африка құрлығының шығыс жағалауында орналасқан Джибутиде өзінің ең алғашқы әскери-логистикалық базасын ашқан. Ол жерде негізінен әскери бағыттағы инженерлер мен құрылысшылар шоғырланған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?