Үндістанның Керала штатында су тасқыны салдарынан көз жұмғандар саны 445 адамға жетті. 15 адам іздестіріліп жатыр. Бұл туралы South China Morning Post хабарлайды.
Табиғи апат Үндістанның Керала штатында орын алған болатын. Маусым айынан басталған үздіксіз жаңбырдың соңы бұрын-соңды қайталанбаған су тасқыны мен лай көшкініне әкеп соқты. Үндістанда жыл сайын осы мезгілде толастамайтын жаңбыр муссон жауып, су тасиды. Бірақ, бұл соңғы жүз жылдағы ең жойқын су тасқыны болып тіркелген. Апаттың зардабын тартқан Керала тұрғындарына уақытша қоныс ретінде 1300 лагерь ашылған.
Апаттан қираған үйін көрген 69 жастағы ақсақал өз-өзіне қол жұмсаған. Қирандының астында құрал-жабдық, құжаттарының жарамсыз болып қалғанын естіген 19 жастағы бозбала да суицид жасады. Қазір 1 миллионға жуық адам қосымша қонысқа орналастырылған.
Керала штатының министрі Пинарайи Виджаянның твиттердегі мәліметі бойынша, табиғи апаттан 10 мың шақырым жол мен 50 мың үй қираған. Зардап шеккендер саны әлі де артуы мүмкін деген болжам бар.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді