«Хашд аш-Шааби» шииттік тобының жоғары өкілі Каис аль-Хазали Иракты президенттік республикаға айналдыруды ұсынды, - деп хабарлайды Kurdistan.ru.
Хазалидің мұндай мәлімдеме жасауына қазіргі жүйе мемлекеттік мәселелерді шешуге қабілетсіз деген ой себеп болған. Бәрімізге белгілі, Ирактағы қазіргі саяси жүйе АҚШ-тың қарулы күштері Саддам Хүсейнді президент тағынан түсіргеннен кейін қалыптасқан еді. Жаңа билік Иракты парламенттік республикаға айналдырып, конституциясын қайта жасап шыққан. Соған сәйкес, премьер-министрлікке шииеттердің өкілі, ел президенттігіне күрд ұлтының өкілі, ал парламент спикері лауазымына — сүнниттік Исламның өкілі сайланады. Негізі, көптен бері Ирактағы осы жүйені өзгертуге байланысты ойлар айтылып жүргенмен, дәл осындай нақты ұсыныс жасалмаған еді.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы