АҚШ институттары жер серігі арқылы түсірілген суреттерді алға тарта отырып, Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран сынау орталықтары мен ұшыру платформаларын жою әрекеттері тоқтап қалғанын мәлімдеді.
Аталған мәліметті Құрама Штаттағы “38 North” институты жариялаған. Олар спутниктік суреттерден Солтүстік Кореяның зымыран сынау алаңдарындағы және ұшыру платформаларындағы нысанды жою операцияларының аяқсыз қалғанын дәлелдеген.
Мәліметтерге қарағанда Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран сынағына пайдаланылған құрылыс нысандарын жою ісі шілде айында қарқын алған екен. Алайда, жасанды жер серігінен түсірілген суреттер нысанның бұзылған құрылғылары сынақ алаңының өзінде жинап қойылғанын дәлелдейді.
Құрама Штаттың барлау агенттіктері аптаның бас шенінде Солтүстік Кореяның ядролық сынақ жұмыстарын тоқтатқанын білдіретін нақты айғақ жоқ екенін мәлімдеген.