Биылға жылдың бірінші жартыжылдығында Білім және ғылым министрлігі 21 жоғары оқу орнында тексеру жүргізіліп, нәтижесінде білім саласындағы заңнама талаптарының бұзылғанын анықталды. Көбіне жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу процесін ұйымдастыру тәртібі, лицензиялық талапқа сәйкестік ережелері бұзылған.
Осыған орай министрлік жоғары оқу орындарына кемшіліктерді жою туралы нұсқамалар беріп, бірқатарын әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Қазақстандағы 6 жоғары оқу орнынан магистратура мамандықтары бойынша 17 лицензия қосымшасы қайтарып алынды.
Енді білім беру қызметінің сапасын бағалаудың негізгі өлшем шарттарының бірі ретінде жоғары оқу орнын бітірген түлектерге еңбек нарығындағы сұраныс деңгейі есептеледі. Кәсіби қауымдастықтар, жүргізетін рейтинг бойынша, білім беру бағдарламасының сапасына қатысты төмен көрсеткіштер анықталған жағдайда жоғары оқу орнына шектеу сипатындағы шаралар қолданылады. Соның ішінде мамандық даярлау бағыты бойынша лицензиялар қайтарып алынуы мүмкін.