Жапондық БАҚ-тың хабарына қарағанда, алдағы жылы Жапонияның қорғаныс бюджеті рекордтық көрсеткішке жетеді. Қорғаныс министрлігі қорғаныс күштерінің зымыранмен шабуылдау және зымыраннан қорғану, алыс аралдар мен су айдынын қорғау, кибершабуыл және одан қорғану қуатын жоғарлату мақсатында қорғаныс бюджетін арттыруды талап еткен.
Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі жасаған мәлімдемеде, 2019 жылы сәуір айынан бастап қорғаныс бюджетін 48 млрд АҚШ долларына жеткізу көзделгенін айтқан. Бұл бюджет Құрама Штаттан сатып алатын зымыран қорғаныс жүйелеріне бөлінетін қаражат та өз ішіне қамтиды.
Жапонның қорғаныс өкілдері Қытайдың әскери қаупінің артуы қорғаныс бюджетін көбейтуді талап етуіне тағы бір себеп екенін айтады. Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде: «Қытайдың барған сайын арта түскен қаупіне байланысты Жапонияның иелік құқығына тән сулар мен алыс аралдарды қорғау үшін қаражатты көбейтуге тура келеді», – делінген.
Бұдан тыс Жапонияның Қорғаныс министрлігі электронды соғыстағы қорғаныс қаблетін арттыруды да қолға алмақ. Дүние жүзінде барған сайын ықпалы арта түскен электронды соғыста әлемнің ірі елдерімен теңесу үшін, бұл салаға бөлінетін қаржыны жыл сайын тұрақты түрде көбейтіп отырмақ.
Жыл соңына қарай Жапонияның әуе қорғаныс күштерінің шабуылшы, барлаушы техникалары да жаңартылмақ.