21 тамыз, сейсенбі күні Грузияның Әділет министрлігі Ресей Федерациясының үстінен адам құқықтары жөніндегі Еуропа сотына мемлекетаралық талап түсірді. Грузияның бұл қадамына Оңтүстік Осетияда Арчил Татунашвилидің өлтірілуі мен басқа да адам құқықтарының аяқ асты етілуі себеп болған. Бұл жөнінде аталған мекемеге сілтеме жасап Грузия Online хабарлайды.
«Талап үстіміздегі жылдың ақпан айында Арчил Татунашвили өлтірілгеннен кейін критикалық жағдайға жеткен әрі 2008 жылғы соғыстан соң әбден шиеленіскен басып алынған аймақтарда тұратын грузин халқының жаппай қудалануы, ұстап-қамалуы, оларға жасалған шабуыл мен азаматтарымыздың өлтірілуіне байланысты түсірілген», - деп хабарланған. Аталған ведомоства Ресей мен оның қарамағындағы биліктер өздерінің қылмыстарын жасыруға тырысып, А.Татунашвилидің мүрдесінің медициналық сараптамасы туралы мәліметтердің балама нұсқаларын ойлап табу арқылы Грузия билігін шатастыруға тырысуда делінген. Осыған байланысты, Грузия Страсбург сотынан (Еуропа соты) Еуропа конвенциясының көптеген баптарын бұзуына байланысты Ресей Федерациясын жауапкершілікке тартуды талап етуде. Бәрімізге белгілі, Грузия азаматы Арчил Татунашвили туыстарын көру үшін, ауылына келгенінде Оңтүстік Осетия билігі тарапынан ұрлап әкетілген еді. Оған «диверсиялық қызметтер» үшін айып тағылып, артынша ол сатыдан түсіп бара жатқанда қаза тапқан сияқты көрсетілген еді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді