Қыркүйек айында Стокгольмде Өзбекстан экс-президенті Ислам Кәрімовтың қызы Гүлнара Кәрімоваға қатысты сот отырысы өтеді.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, қыркүйек айының 4-і күні Стокгольм қаласында Гүлнара Кәрімоваға 350 миллион доллар пара берді деген күдікпен ұсталған Telia компаниясының жетекшілері Теро Квисаари, Ларс Нюберг және Ули Туиманың соты болады деп күтілуде.
Швеция бас прокуроры Гуннар Стетлер жоғарыда аталған үш азаматтың үшеуінде Өзбекстан телекоммуникация нарығына кіру үшін Гүлнара Кәрімоваға 350 миллион доллар пара берді деп есептейді.
Естеріңізге салайық, 2017 жылдың шілде айында Өзбекстан бас прокуратурасы экс-президент Ислам Кәрімовтың қызы Гүлнара Кәрімованың үстінен Өзбекстан қылмыстық кодексінің 168, 178, 182, 189, 228 және 243 баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынғандығы жөнінде мәлімдеген.
Гүлнара Кәрімова ісі осыдан бірнеше жыл бұрын басталған. Тексеру жұмыстары барысында Telia, VimpelCom және МТС телекоммуникация саласының компаниялары Өзбекстан аумағында жұмыс істеу үшін Гүлнара Кәрімоваға пара бергендігі анықталған. Қазіргі таңда ол Ташкент қаласы жанындағы түрмелердің бірінде отыр.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды