Екі ел арасындағы жүргізілген келіссөздерге қарамастан, НАТО одақтастары – Түркия мен АҚШ қатынасы нашарлай түсті. Бір күн бұрын Ақ үй ресми мәлімдеме арқылы Түркияға қосымша санкциялар енгізу мәселесінің қарастырылып жатқанын жеткізді. Бұл туралы VOA жаңалықтар қызметі хабарлады.
Түркия НАТО одақтасы ретінде Құрама Штатқа стратегиялық маңызы бар «Insrick» әуе күштері базасын ұсынғаны мәлім. Сондай-ақ, АҚШ-тың Қара теңізге кіретін негізгі қақпасы болған еді. Дегенмен, Ақ үй мәлімдемешісі Сара Сандерстің айтуынша, президент Трамп Түркияда қолға түскен дипломатиялық агенттер мен АҚШ азаматтарының әлі босатылмай отырғанына қатты ашулы.
Трамп үкіметінің бірқатар лауазымдылары Түркияға қосымша санкция салынуы мүмкін екенін растады. Дегенмен, баспасөз жиыны кезінде Сара Сандерс нақты қандай санкция салынатыны туралы ашып-жарып айтпады.
Айта кетейік, Трамптың Анкара билігіне Эндрю Блюсенді босату туралы бірнеше рет жасаған ұсынысы жауапсыз қалды. Ал, түрік билігі оны тыңшылықпен айыптап, сот ашты. Бұл Трамп үкіметін америкалықтар алдында дәрменсіз еткендей болды. Түрік билігі болса бұны АҚШ-та сотталған түрік миллионерлерінің ісіне жауап еткендей болды. Екі ел арасындағы саяси алауыздық онсызда өршіп тұр еді. Бұндай оқиғалардың тізбегі отқа май құйды.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді