АҚШ, Ресей, Иран арасындағы қалыптасқалы отырған жаңа қарым-қатынас туралы, қазір, әлем БАҚ-ы түрлі болжам жасауда. Тіпті, әлемдік беделді басылымдардың бірі Кремльден ащы сын да естіп алды. Қалай десек те, тәуелсіз басылымдардың "бірдеңені біліп" отырғаны анық. АҚШ Иранға қарсы жаңа санкция жарияласа, онда, АҚШ-тың Иран мен Ресей арасына сына қағайын дегені. Осы туралы қытайдың "Шинхуа" агенттігінің ресми сайтында сараптамалық мақала жарияланды.
Трамптың Иран жайлы сөзіне «өкініш» білдірді
АҚШ-тың президенті Доналд Трамп өткен аптада «Фокус» теле-арнасына берген сұқпатында Иранды «ең басты террорис мемлекет» деген, сондай-ақ осы елдің АҚШ-ты мүлде «көзге ілмейтінін» айтқан. Ал, АҚШ пен байланысын жақсартқысы келетін Ресей Трамптың бұл сөзіне қалай қарайды? Ресей ежелден Иранның жақсы серіктесі болып келген. Путинның баспасөз хатшысы Димитрий Песков 6 ақпан күні Трамптың бұл сөзіне қарсы пікір айтты. Песков телефонда журналистерге: "Ресей мен АҚШ-тың Иранға қаратқан саяси позициясы ұқсамайды. Ресей мен Иран бұрыннан серіктес дос елдер, алда экономикалық барыс-келісті тіпті де тереңдете түспек. Ал, Ресей мен АҚШ қатынасына келсек, жасырары жоқ, екі елдің халықаралық істерге қаратқан позициялары көп жақтардан бірдей емес. Алайда, осы ұқсамаған көзқарас екі елдің селбестігі мен дамуына ешқандай кедергі жасамауы керек", – деді.
АҚШ-тың Қазына министірлігі 3 ақпан күні Иранға жаңа бағыттағы санкция жариялап, Иранның жақындағы зымыран сынағы мен «терроризмді қолдаған» әрекетіне қарсы мәлімдеме жасаған болатын. Санкция найзасының ұшы Иранның зымыран сынағы жоспарын қолдаушылар мен "Ислам төңкерісі" ұйымның әрекеттерін қолдаушыларға қаратылып тұр.
Ресейдің СІМ-ның орынбасары Сергей Рябков АҚШ-тың осы санкциясына байланысты «өкінішін» білдірген. Сондай-ақ, ол «Иранның зымыран сынағын жасауы БҰҰ-ның қауіпсіздік жөніндегі келісімі мен Иранның уран мәселесі жөніндегі келісімдерге ешқандай қайшылығы жоқ» деген болатын.
Рябков қайта Ресей мен Иранның арасына от жағуды көздеген “The Wall Street Journal” басылымының атын атап сынға алды. Аталған басылым аты-жөнін жасырған шенеуніктің «Уашингтон Иран мен Ресей достығына сына қағады» деген сөзін жариялаған. Рябков: «Мұндай негізсіз болжамдар жақсару алдында тұрған АҚШ пен Ресей қатынасына кері ықпалын тигізеді» деді.
Путиннан ауызша кешірім сұрасын
АҚШ-ның "Фокус" ақпараттық арнасының жүргізушісі Белль Аурерри алдыңғы күні Трамппен сұқпаттасқанда, «Путин өзгеше тәсілдер қолданғыш ‹қандықол›» деп атаған. Сонда Трамп оған қарсы сұрақ қойып: "Сенше біз ғана сүттен ақ, судан таза болдық па? Бізде де көптеген ‹қандықолдар› бар ғой. Өткенге көз жүгіртсек, ағаттықтарымыз аз емес» деген еді. Трамптың бұл сөзі Құрама Штаттарда дау тудырды. 5 ақпан күні Демократтар партиясы мен Республикашылдар партиясының өкілдері Трамптың АҚШ пен Ресей үкіметін салыстырғанын ашық сынға алды.
Бұл іске қарата 6 ақпан күні Путинның хатшысы Песков мәлімдеме жариялап, «Белль Аурерри адам естігеннен ұялатын ерсі сөздерін жиыстырып, президент Путиннан ашық кешірім сұрасын!» деген. Фокус ақпарат арнасының жүргізушісі Белль Аурерри бұған әзірге дейін жауап қайтармады.
Ауд: Әділет АХМЕТҰЛЫ
“The Qazaq Times”