Афина үкіметі Мәскеудің грекиялық дипломаттарды елдеріне қайтару шешіміне байланысты Ресейдің Грекиядағы төтенше және өкілетті елшісі Андрей Масловты шақырған. Бұл туралы worldbulletin.net хабарлайды.
Осыдан бір күн бұрын Ресей СІМ грекиялық дипломаттардың кері қайтарылатындықтары туралы жариялаған еді. Ал, РФ-ның СІМ басшысы Сергей Лавров қыркүйек айында Грекияға жоспарланған іссапарынан бас тартқан. Еске салайық, 13 шілде күні Грекия ресейлік екі дипломатты қайтарып, тағы екеуінің кіруіне тыйым салған еді. Грек билігі осы қадамын Ресейдің өзінің ішкі істеріне араласуымен түсіндірген. Енді кеше, Ресей де өз кезегінде, дәл осындай шара қолданды.
Айта кету керек, Афина Ресеймен қарым-қатынасының жақсы болғанына қарамастан, елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін деп Ресейдің өзінің ішкі ісіне араласуына шыдай алмайтынын мәлімдеген еді. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, ресейлік дипломаттар есім атауы туралы Македониямен арадағы келісімшартқа қарсы шығушы топты қаржыландырған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы