Өзбекстан қазақстандық инвесторлармен тығыз жұмыс істеуге дайын. Бұл туралы Ташкентте шетелдік және жергілікті инвесторлардың ұсыныстарын ашық талқылау алаңында айтылды.
Бүгінде жүйелі жұмыстың нәтижесінде екі ел аумағында бірнеше бірлескен кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Алдағы уақытта қос елдің машина жасау саласы одан әрі жандана түспек.
Жиында Өзбекстандағы ең ірі машина жасау және ауыл шаруашылығы техникалары мен электр жабдықтарын шығаратын компаниялар өздерінің инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды.
Бұған дейін біздің елге жеңіл көлік экспорттап келген өзбекстандықтар, енді қазақстандық кәсіпкерлерді бірлесіп жұмыс істеуге шақырады. Оған қоса Президент жарлығымен тамыз айынан бастап Өзбекстанда шетелдік капиталы бар кәсіпорындар құру жеңілдетілді.
БАХОДИР РАХМОНОВ, «УЗАВТОСАНОАТ» АҚ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: - Әлбетте Қазақстаннан болсын, басқа елдерден болсын, жалпы инвеститция салушылар болса біз олармен тығыз байланыс орнатуға дайынбыз. Жобаны алдымен бірге отырып талқылаймыз, мүмкіндіктерін саралап, қызығушылық болса ортақ жұмыс істейміз. Қажет болса барлық жағынан қолдау көрсетеміз.
НОДИР АБДУЛЛАЕВ, ӨЗБЕКСТАН ИНВЕСТИТЦИЯЛЫҚ КОМИТЕТІ ИНВЕСТИТЦИЯЛЫҚ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: - Біз бүгінгі шараны өткізу арқылы сол мүмкіндіктерге бірлесе шығудың жолын қарастырдық. Оған қоса осыған қызуғышылық танытып отырған инвесторлардың әлеуетін арттыруды көздеп отырмыз.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы