БҰҰ Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жан-жақты келісімшартты «дипломатиялық жеміс және БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттерге қолдау көрсету» ретінде бағалауды жалғастыруда. Бұл туралы lemonde.fr хабарлайды.
БҰҰ Иранның ядролық келісімшарты деген атаумен танымал осы бағдарламаға қатысушы мемлекеттерді АҚШ-тың Иранға қарсы санкцияларына қарамастан, келісімшарт ережелерін сақтауға шақырды. Кеше, 6 тамыз күні БҰҰ-ның бас хатшылығының ресми өкілінің орынбасары Фархан Хак осындай мәлімдеме жасады.
«Біз жаңа санкциялардың ықпалын зерттейтін боламыз. Бірақ, бізге қазіргі болып жатқан оқиғаларға қарамастан, Иранмен және өзге де қатысушы елдермен бұдан бұрын қолға алынған міндеттерімізді жалғастыру маңызды», - деген Фархан Хак. Сонымен қатар, БҰҰ бас хатшылығының ресми өкілінің орынбасары БҰҰ-ның Иранның ядролық бағдарламасын «дипломатиялық жеміс және БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттерге қолдау көрсету» ретінде бағалауды жалғастыратынын да атап өтті
Бәрімізге белгілі, кеше, 6 тамыз күні Уашингтонның қайта қолға алуымен АҚШ-тың Иранға қарсы санкциялары күшіне енген еді. АҚШ бұл қадамға, Иранның ядролық бағдарламасы келісімшартынан шыққаннан кейін барған болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді