Жапония мен Қытай арасында теңіздегі иелік құқық мәселесі бойынша тағы да дау-дамай туылды. Шығыс Қытай теңізіндегі егемендік дау-шары екі елдің енді ғана қалпына келе бастаған қарым-қатынасын қайта бүлдірді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Жапон мен қытайдың СІМ басшылары Сингапурда өтіп жатқан ASEAN саммитіне орай кездесу өткізген болатын. Алайда, Шығыс Қытай теңізіндегі иелік құқық мәселесінде Таро Канон мен Уаң И пікір бірлігіне келе алмаған. Жапония СІМ басшысы кездесуде «Шығыс Қытай теңізіндегі дауды толықтай шешім етпей, жапон-қытай қарым-қатынасының дамуын қалыптастыру мүмкін емес», – деген пікірін айтқан.
Даулы Сенкаку аралының маңына Қытайдың шарлаушы кемелерінің кіруі Қытай мен Жапония арасындағы осы су алабындағы тарихи дауды өршіте түсті. Жапония аталған аралды жеке иелік етуші тұлғадан сатып алғанын ресми жариялаған. Бұл Қытай билігін және ұлтшыл топтарының қарсылығын қоздыра түскен. Бір ғана Сенкаку емес, Шығыс Қытай теңізіндегі бірнеше аймақта иелік құқық дауы екі елді араз етіп келеді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді