Ресей Санк- Петербордағы Ұлыбритания бас консульдығының жұмысын ресми түрде тоқтатты. Бұл туралы Мәскеудегі британ елшілігі «Twitter» әлеуметтік желісінде хабарлауда.
«Санк- Петербордағы Ұлыбритания елшілігі ресми түрде жабылды. Ресей үкіметі тарапынан бізге қарсы қабылданған бұл шешім Солсберидегі оқиғадан кейін орын алуда» , - делінген дипломатиялық жазбада. «Дүйсенбі, 31 шілде күні Ұлыбританияның Санк- Петербордағы алғашқы және соңғы бас елшісінің қатысуымен елшілік туы төмен түсірілді» ,- деген де жазба қалдырған ведомоство басшылығы.
«Еadaily.com» агенттіінің хабарлауынша, Ресей тарапы Санк-Петербордағы бас елшіліктің жұмысын тоқтату бұйрығын Британ үкіметінің ресейлік бірнеше дипломатты елден қайтару әрекетіне жауап ретінде жасаған. Ал, Лондон бұл қадамға Ресейді Солсберидегі оқиғаға қатысы бар деп кінәлағандықтан барған. Алайда, Ресей бұл айыптауды үзілді-кесілді жоққа шығаруда.
Еске салайық, осы жылдың 17 наурызында Ресей Федерациясының Сыртқы Істер министрлігі британиялық 23 дипломаттың елден қайтарылатыны және Санк-Петербордағы Ұлыбритания бас консульдығының жұмыс істеуіне келісетіні туралы мәлімдеме жасаған еді.