«Aeromexico» әуекомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Мексиканың Виктория-де-Дуранго қаласынан ұшып шыққан сәтте апатқа ұшыраған. Әзірге апат салдарынан қаза тапқандар туралы мәлімет жоқ, - деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігінің орыс редакциясы Дуранго штаты губернаторының сөзіне сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жолаушылардың басым көпшілігі ұшақ бортынан өздіктерінен шыға алатындай жағдайда болған. Мексика Денсаулық сақтау министрлігінің алдын ала мәліметінше, 85 адам жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген. Бортында 97 жолаушы және 4 экипаж мүшесі бар «Embraer E90» ұшағы «Хенераль Гвадалупе Виктория» әуежайынан ел астанасына «AM2431» рейсін орындау кезінде, ұшып-қону жолағынан көтерілген сәтте құлаған. Оқиға орынан берілген суреттерге қарағанда, әуе кемесінің өртенгені байқалады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел