Қазақстан Қырғызстанға құтқарушылар тобын жіберді.
ІІМ қарасты төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, республикалық жедел құтқару отрядының тоғыз мүшесі Қырғызстандағы Скрябин мұздығында тас құлауына байланысты зардап шеккен туристерге көмек көрсету үшін 31 шілде күні таңғы сағат 7-лер шамасында Алматыдан Бішкекке аттанған.
Естеріңізге салайық, шілде айының 30-ы күні Бішкек қаласынан 40 шақырым дерде орналасқан Скрябин мұздығында тас көшкіні болып, бір қазақстандық турист көз жұмған. Алдын ала болжам бойынша зардап шеккен туристер арасында тағы үш Қазақстан азаматы бар.


















Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?