Астрономдар алғаш рет Марста сұйық күйінде сақталып тұрған су бар екенін, мәлімдеді. Тіпті бұл су Марстың оңтүстік полюсында ұзындығы 20 шақырымнан астам алып көлді қалыптастырған. Астрономиядағы бұл тың құбылыс «Марс-Экспресс» станциясының Marsis атты радары арқылы ашылды. Бұл туралы BBC онлайн қызметі хабарлады.
Бұған дейін Қызыл жұлдыз бетінде топырақ қабатына аралас мұздықтардың бар екені белгілі болатын. Ғалымдар Марс бетінің температурасы жоғарлаған кезде болмашы сулар пайда болып, тез арада буға айналып кететінін айтатын. Тек, Marsis радарының соңғы мәліметтерінен ғана Марс бетінде мәңгі сұйық күйдегі судың бар екені белгілі болды.

Марс бетін барлап жүрген Marsis радары. Фото: BBC/USGS ASTROGEOLOGY SCIENCE CENTER, ARIZONA STATE UN.
Марс бетінде зерттеу жүргізіп жатқан NASA-ның арнаулы құрылғысы бұған дейін тек сарқылып қалған көлдерді және мұзға айналған алқаптарды ғана тапқан. Астрономияның бұл жаңалығы Марста тіршілік етуге болады деген болжамды барған сайын шындыққа жақындата түсті. Әрі, NASA, SpaceX секілді Марсты отарлағысы келетін орталықтардың үмітін еселей түсті.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы