Бұдан жарты сағат бұрын АҚШ-тың Қытай астанасындағы бас елшілігінің маңында жарылыс болғаны туралы хабар тарады. Бұл туралы Қытайдың ресми сайттары және әлеуметтік желілері жарыса жазды.
Қытай әлеуметтік желі пайдаланушылары, Бейжіңнің Чауяң ауданында орналасқан АҚШ елшілігінің маңында жарылыс дауысын естігенін жазды. Ресми сайттардан "IPeng" порталы ең алдымен хабар таратты.
Жарылыс және оның себебі туралы ресми мәліметтер таратылмады. Тек жарылыс дауысының жергілікті сағат 13:00 де болғаны туралы айтылады.
Бірер минуттың алдында, The New York Times басылымының жариялаған хабарына қарағанда, жарылыс АҚШ елшілігіндегі визаға кезекке тұратын орынға жақын жерде болғаны айтылады.
АҚШ-тың Бейжіңдегі бас елшілігі қаланың солтүстік-шығысындағы көрікті, кең аумаққа орналасқан. Жаңа елшілік ғимараты 2008 жылы пайдалануға берілген. Қазақстанның Қытайдағы бас елшілігімен жақын орналасқан.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы