Ресей президенті мен Арменияның премьер-министрі телефон арқылы сөйлесті. Сөйлесуде, Путин мен Пашинян екі ел арасындағы байланыстар мен Еуразия экономикалық одағы туралы кеңескен. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Кремльдің жариялаған мәліметіне қарағанда, Путин мен Пашинян екі ел арасындағы күрделі мәселелер бойынша пікір алмасқан. Сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одағы туралы ұзақ талқы өткізген. Мәліметтерде екі басшы телефон арқылы жиі байланыс жасайтыны да айтылады.
Естеріңізге сала кетейік, Армениядағы саяси өзгерістер кезінде, шетел сарапшыларының дені ішкі саяси өзгерістерге қарамастан Армения Мәскеу ықпалында қала беретінін болжаған болатын.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел