Өзбекстанда жалпы құны 5,7 триллион долларды құрайтын жер асты қазба байлығының қоры бар.
Өзбекстан мемлекеттік геология комитеті басшысының орынбасары Азам Қадірқожаевтың сөзінше, соңғы зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша, қазіргі таңда Өзбекстан қазба байлығы 1 триллион долларға пара-пар. Бірақ бұл көрсеткіш алдағы уақытта бірнеше есеге өсуі мүмкін. Себебі ел аумағының басым көпшілігі әлі зерттелмеген. Алдын ала болжам бойынша, Өзбекстанда жалпы құны 5,7 триллион долларды құрайтын жер асты қазба байлығының қоры болуы мүмкін.
Халықаралық зерттеу орталықтарының мәліметінше, қазіргі уақытта Өзбекстан аумағында 2,5 мың тонна алтын, 1,1 триллион куб метр газ, 1,9 миллиард тонна көмір қоры бар.