АҚШ пен Ресей президенттерінің кездесуінен кейін, екі ел арасында тым нәзік қайшылықтардың оты қайта қоздай жөнелді. Трамп таққа отырғаннан бергі күрделі бола түскен РФ мен АҚШ мәселесі тағы бір рет өткір тақырыпқа айналып шыға келді. БАҚ өкілдері Трамп пен Путин арасындағы қарым-қатынасты сан-саққа жүгіртіп, 2016 жылғы президент сайлаудағы Ресейдің әрекетін, басқа да қайшылықтарды күн тәртіпке қайта алып қарады.
АҚШ Федералдық Барлау Басқармасының (FBI) директоры Кристофер Рэйдің айтуынша, Ресей қазірге дейін Құрама Штатпен «саяси араздықты өршітіп», аса сезімтал мәселелерде «АҚШ-қа қарсы айла-шарғы қолданып келеді». Бұл ойын ол сәрсенбі күні өткен Қорғаныс қауіпсіздік форумында ортаға салды.
Кристофер Рэй сөзінде: «Біз белгілі бір сайлау инфрақұрылымына бағытталған шабуылды көрген жоқпыз. Алайда, мүлде басқа әрекеттердің бар екені анық. Айталық, АҚШ-қа қарсы қастандық әрекеттері. Ресейдің мұндай әрекеттері тым белсенді күйде, әрі сәт сайын жаңартылып отыр. Мен үшін алып айтқанда, бұл ең үлкен қауіп, әрі біз оны ең маңызды орынға қоюға тиіспіз», – деген.
Кристофер Рэйдің бұл мәлімдемесінен бір күн бұрын, президент Трамп АҚШ барлау агенттіктерінің Ресейді 2016 жылғы президент сайлауға араласты деп айыптағанын сынға алып еді. Трамптың айтуынша Ресей әрекеттері АҚш-тың президент сайлауына әсер етпеген.
FBI басышысы болса Ресей президенті Владимир Путиннің де ұсынысын жоққа шығарды. Путин АҚШ президент сайлауына араласты деп айыпталған 12 ресейлік қызметкерден, осы істі тергеу бойынша жауап алуға болатынын айтып еді. Рэй болса осыған қарама-қарсы Кремьлден де Ресейде айыпталған америкалық дипломатия қызметкерлерінен жауап алуды талап еткен.
Ақ үй тарабы аталған мәселені әлі де қарастырып жатыр.