ҚХР-ның басшысы Ши Жинпиң (Си Цзиньпин/Xi Jinping) 29 жыл дегенде алғаш рет Біріккен Араб Әмірліктеріне мемлекеттік ресми сапармен барды. Бұл туралы fr.euronews.com хабарлайды.
Ши Жиңпиңнің ұшағы елдің әуе кеңістігіне кіргеннен бастап БАӘ жойғыштары тарапынан қарсы алынған. Сонымен қатар, әуежайда Қытай басшысының келу құрметіне салтанатты шара ұйымдастырылған. Ши Жиңпиң Қытай үкіметінің атынан БАӘ-нің барлық тұрғындарына ыстық лебізін жолдап, «34 жыл бұрын Қытай мен БАӘ арасында дипломатиялық байланыс орнатылғаннан бері екі елдің татулығына еш сызат түспеді», - деген. БАӘ-нің премьер-министрі мен мұрагер ханзадасы Ши Жиңпиңді жылы қарсы алып, оның осы сапары екіжақты стратегиялық қарым-қатынастардың дамуында үлкен рөл атқаранын айтқан. БАӘ-нен кейін Ши Жиңпиң Йоханнесбургтегі БРИКСтің 10-саммитіне қатысу үшін Сенегал, Руанду және Оңтүстік Африка елдеріне бармақ. Ши Жиңпиңнің жоғарыда аталған мұсылман елдеріне ресми сапарындағы басты көздегені — осы мемлекеттермен сауда және инвестиция салаларындағы қарым-қатынасын бекіту. Осыған қарағанда, Қытай өзінің "Бір жол — бір белдеу" ("Ұлы Жібек жолы") бастамасына сүйене отырып, енді мұсылман елдерін де инфрақұрылым саласында ынтымақтасуға шақыруы мүмкін деп күтілуде.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті