Қазіргі күні сүриялық араб әскері Дера қаласының батыс бөлігіндегі шабуылын әлі жалғастыруда. Аl-Masdar News агенттігінің ақпаратына қарағанда, осы аптаның басында басталған Дера қаласының батысындағы ауқымды шабуыл әрекеттерін жалғастыруда.
Сүрия әскерилері стратегиялық аймақ саналатын Таль Әл-Харра тауында орналасқан төрт бірдей қаланы алған. Аталған таулы аймақ кешеден бері үкіметтің қолында. Бұл қырық шақырымға дейінгі аймақты бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, сүриялық әскерилері осы аймақтағы Джассим деп аталатын ірі қаланы да басып алған. Қазіргі таңда исламшылар кері шегініп, қаланы босатуға мәжбүр болуда. Енді, қала Сүрия әскерінің толық бақылауында. Үкіметтік күштердің ендігі мақсаттары — үлкендігі жағынан Дерадан кейінгі екінші қала саналатын Наваны алу. Нава 2014 жылы террористердің Сүрия әскеріне жасаған шабуылы кезінде басып алынған екен. Сарапшылардың пайымдауынша, Таль Әл-Харра тауының биліктің қолына өткеніне қарағанда, Наваның да исламшылардан азат етілуі көпке созыла қоймауы мүмкін.
Естеріңізге салсақ, қазіргі таңда Сүриядағы қақтығыстың кесірінен әр аймаққа кеткен босқындар отандарына қайтарылуда. Сонымен қатар, саясаткерлер елдің батысындағы ең ірі Дера қаласы биліктің қолына өткендіктен, Сүриядағы азаматтық соғыстың аяқталар күні алыс емес деген пікірде.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті