АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілдері мен Әділет министрлігі және ІІМ ертең, 13 шілде күні Анкарада Фетуллаһ Гүленді Түркия билігіне қайтару мәселесі мен оның жетекшілігіндегі «ФЕТО» ұйымына ықпал ету шаралары туралы талқыламақ. Бұл туралы Түркияның СІМ өкілі тілшілерге хабарлады, - деп жазады түркиялық «abhaber.com» агенттігі.
«АҚШ-пен екіжақты қарым-қатынас аясында 13 шілдеде Анкарада ФЕТО террорлық ұйымы мен Гүленнің Түркия билігіне қайтарылуы туралы мәселе жан-жақты талқыланады. Жиынға Әділет министрлігінің, ІІМ және сыртқы саясат ведомоствасының өкілдері де қатысады. Сонымен қатар, «Halkbank» банкінің бас директорының бұрынғы орынбасары Хакан Атилла мен Түркияда тұтқындалған АҚШ азаматтарының мәселелері де қозғалады» , - деп көрсетілген Түркия СІМ-нің мәлемдемесінде. Айта кететін жайт, Түркия билігі АҚШ-қа Фетуллаһ Гүленді қайтару туралы бірнеше мәрте талап түсірген еді. Көптен бері Америкада бас сауғалап жүрген Фетуллаһ Гүленді 2016 жылдың шілде айындағы мемлекеттік төңкеріс әрекетіне қатысы бар деп кінә артады.